Объявление от Asia.kz:
Array

Салон красоты тараз

 
 
Ақпарат

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, №74 Жалпы білім беретін мектеп

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 

Мектебіміздің жетістіктері

2022-2023 оқу жылындағы мектебіміздің жетістіктері

Аудандық кезең, Тамыз конференциясында құнды баяндама оқығаны үшін Жуманова Асия Алшынбаевна, белсене қатысқаны үшін қазақ тілі пәні мұғалімі Анарбаева Айнур Муратқызы, құнды баяндама оқығаны үшін математика пәні мұғалімі Қазбекова Гульбакыт Абуталиповна, физика пәні мұғалімі белсенділігі үшін Базарбаева Саера Нургалиқызы, мазмұнды баяндама оқығаны үшін ағылшын тілі пәні мұғалімі Өтебай Әйгерім Акбарқызы  Құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау» атты ғылыми жоба бағытында орыс тілі пәні мұғалімі Оспанбекова Айдана Суннатовна І орынмен марапатталды.

Пән мұғалімдерінің аудандық олимпиадасында озық идея, терең теориялық білім көрсеткен математика пәні мұғалімі Қазбекова Гулбақыт Абуталиповна ІІІ орынмен марапатталды.  Аудандық мұғалімдер олимпиадасында шығармашылық ізденісімен  ІІ орын алған қазақ тілі пәні мұғалімі Анарбаева Айнур Муратқызы, шығармашылық ізденіс таныта білген физиа пәні мұғалімі Базарбаева Саера Нургалиқызы ІІІ орын, бастауыш сынып мұғалімі Ешева Бағила Аликуловна ІІІ орынға ие болып, педагогтар  Құрмет грамотасымен марапатталды.

Пән мұғалімдері арасында «Педагогикалық дебют» атты байқауда ізденіс танытып, І орынға ие болған әріптесіміз ағылшын тілі пәні мұғалімі Өтебай Әйгерім Акбарқызы, ІІ орынға бастауыш сынып мұғалімі Ешева Бағила Аликуловна, тарих пәні мұғалімі Налибаева Айжан Куттыбаевна ІІ орынмен  марапатталды. «ІІ Ыбырай жазулары» аудандық жазба жұмыстары байқауында жүлделі ІІ орынға ие болған әріптесіміз Анарбаева Айнур Муратовна марапатталды. М. Әуезовтың 125 жылдығына арналған аудандық көркемсөз оқу шеберлгі байқауында бағын сынап, ерекше шеберлікпен орындағаны үшін ІІІ орынмен қазақ тілі пәні мұғалімі Анарбаева Айнур Муратқызы марапатталды.  Мектеп оқушыларының                    2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне  тыңғылықты дайындық жасап, ауданның білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін  Анарбаева Айнур Муратқызы аудандық Алғыс хатқа ие болды.

 

Пән мұғалімдері арасында «Поэзия әлемі» байқауының ІІ кезеңі «Тұғыры биік тәуелсіздік» тақырыбында аудандық эссе жазу бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімі Оспанбекова Халида Суннатовна 2-орынмен марапатталды. 

 Жас мамандар арасында «Жаңа мектепке –жаңашыл ұстаз» атты                       ҮІ Республикалық байқауының аудандық кезеңінде зерттеушілік ізденіс көрсеткен бастауыш сынып  мұғалімі  Ешева  Бағила Аликуловна ІІ орын, физика пәні мұғалімі  Базарбаева Саера Нургалиқызы ІІ орын,  информатика пәні мұғалімі  Разахова Ақмарал Тагаевна ІІІ орын, марапатталды.

Аудандық «Мәртебелі ұстаз-2022» байқауында үздік сабақ жоспарымен жүлделі ІІІ орын алған бастауыш сынып мұғалімі Ерманова Айжан Шухратқызы марапатталды. Аудандық «Үздік жыл психологы» байқауына белсене қатысып, бас жүлдеге ие болған педагог-психолог Құралбек Нұргүл Тұрарбекқызы Құрмет грамотасымен облысқа жолдама алды.

«Үздік интербелсенді сабақ-2023» байқауында кәсіби шеберлік танытқан үшін ІІ орынмен тарих пәнінің мұғалімі Айтмурзаева Алтынай Абдрахмановна Құрмет грамотасы, «Ауданның Үздік педагогы» конкурсына қатысып «Үздік педагог» атағына лайықты деп табылған бастауыш сынып мұғалімі Жуманова Асия Алшынбаевна, қазақ тілі пәні мұғалімі Ажибаева Ақбөпе  Батырханқызы  Дипломдармен марапатталды. «Ең үздік  бастауыш сынып мұғалімі-2023» атты байқаудың ІІ орын жеңімпазы Уйсинбаева Алтынай Исаевна  Құрмет грамотасына ие болды, тарих пәні мұғалмдеріне ұйымдастырылған «Ұлт зиялыларын зерттеу» тақырыбындағы жоба байқауында ІІ орынмен Агыбаева Айнур Ермахановна марапатталды.  «Бақытқа жол» тақырыбындағы  аудандық айлыққа белсене қатысқаны үшін бастауыш сынып мұғалімі Сейтжанова Алтынай Абаевна Алғыс хатпен марапатталды.

Облыстық жетістіктер:  «Медиа технологиялық әдіс-тәсілдерді сабақ барысында пайдалану» облыстық семинарда  озық идеясымен  Ережепова Сауле Альжановна Мадақтама, «тілдерді оқытуда пәнаралық бйланысты іске асырудың жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік  семинарда озық идеялары  үшін Анарбаева Айнур Муратқызы Мадақтама алып келді.

Қанипа Бітібаева олимпиадасына оқушы дайындағаны үшін облыстық Алғыс хатпен марапатталды. «Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2023» облыстық қашықтықтағы байқауға қатысып, ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

«Мәртебелі ұстаз-2022» облыстық қашықтықтан ұйымдастырылған қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруда кәсіби шеберлік танытқан тарих пәні мұғалімі Налибаева Айжан Куттыбаевна ІІІ орынмен марапатталды. 12 сәуір –Ғылым қызметкерлері  күніне орай робототехникадан педагогтер арасында өткен «ROBOTUR» ІІІ облыстық байқауында  жалпы есептік кезең бойынша «RoboSaryaqash» командасында қатысқан  информатика пәні мұғалімі Ажиходжаева Гулзия  ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

 

Республикалық жетістіктерді мақтанышпен айтып өтетін болсам, ҚР –ның Оқу-ағарту министрлігінің арнайы тізімдемесіне сай ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік республикалық олимпиадасының жүлдегерін дайындағанын растайтын сертификат математика пәні мұғалімі Дауленова Аяулым Айдарқызына және Айдаралы Назерке Әбдімүтәліпқызына сертификаттар берілді. «Мақатаев кз» – Мұқағали әлемі білім порталы ұйымдастырған конкурсынан өз тәрбиеленушілерін қатыстырып, белсенділігі үшін бастауыш сынып мұғалімі  Жуманова Асия Алшынбаевна, Налибаева Нафиса Усенбаевна, Ешева Бағила Аликуловна  Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапатталды.

Педагогтерге арналған ПедСтарт «Кәсіби құзыреттілік бойынша бастауыш сынып мұғалімі» Үйсінбаева Алтынай Исаевна жүлделі 1-орын,  биология пәні мұғалімі Белходжаева Айман Амангельдыевна жүлделі 1-орын, тарих пәні мұғалімі Агыбаева Айнур Ермахановна жүлделі І орын, тарих пәні мұғалімі  Налибаева Айжан Куттыбаевна  ІІІ орынмен марапатталды.

Авторлық бағдарлама Республика көлемінде «Мәтінді талдау жолдарын меңгерту» тақырыбындағы  авторлық бағдарламасы ISBN 978-601-09-1602-9 нөмірімен тіркеліп расталған.

 

 

Білім алушылардың  Аудандық жетістіктері

  Жалпы пәндер бойынша теориялық білімімен 11-сынып оқушысы Еркінбай Айгерім физика пәнінен ІІІ орынмен марапатталды. жетекші мұғалімі: С Базараева. Жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Қожабек Назерке жүлделі          І орынмен марапатталды. Жетекшісі : А. Анарбаева;

9-сынып оқушысы Абдухалық Ұлжан биология пәнінен аудандық кезеңде     ІІІ орынға ие болып, марапатталды. жетекшісі С. Ережепова. 7-8 сынып оқушыларына арналған аудандық кезеңінде Қазақтан тарихы пәнінін жүлделі І орын алған  7 А сынып оқушысы Жұмабек Ақгүл марапатталды – жетекшісі А. Ағыбаева, биология пәнінен Жұмабек Ақгүл ІІ орынға ие болып, өзінің жан-жақты қабілетті екенін таныта білді. Жетекшісі С. Ережепова,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі ІІ орынмен 7 А сынып оқушысы Мустафина Аяла марапатталды-жетекшісі А. Байжиенова

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған респ. олимпиаданың аудандық кезеңінде теориялық білім көрсетіп жүлделі                       І орынды жеңіп алған 5 А сынып оқушысы Сейлхан Жаннұр жаратылыстану пәнінен марапатталды -жетекшісі А. Белходжаева,

  7-8 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиадада теориялық білімін көрсеткен 7-сынып оқушысы Нұрқұл Жанерке ІІІ орынды иеленіп марапатталды. жетекшісі:  Г. Жумасаева

2-4 сынып оқушыларына арналған пән олимпиадасында әдебиеттік оқу           4 «А» сынып оқушысы Мұхтар Сезімай ІІІ орын- жетекшісі Ш. Абишева, дүниетану пәнінен  3-сынып оқушысы Ускенбай Айзере ІІ орынға ие болды –жетекшісі Уйсинбаева А, ағылшын тілі пәнінен жүлделі ІІІ орын алғаны

 3- сынып оқушысы Хангелді Тоғжан марапатталды. жетекшісі Ә. Өтебай. 

   5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» Республикалық экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңінде «Үздік экологиялық бастама» бағытының жүлдегерлері атанған 7-сынып оқушылары Нұрқұл Жанерке, Мустафина Аяла І орынмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі- С. Ережепова және осы «ProEco» экологиялық жобалар конкурсында «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» бағыты бойынша              7-сынып оқушысы Әлібек Балерке ІІІ орынға ие болып, Мадақтамамен марапатталды. жетекшісі – С. Ережепова .

1-7 сынып оқушылар арасында зерттеу жұмыстары мен ғылыми жоба конкурсына қатысып аудан бойынша 5-сынып оқушысы Абдрахман Досым 1-орынды иеленіп  марапатталды.  Жетекшісі: А. Белходжаева  

«Пушкин оқулары» байқауына «Мәнерлеп оқу» бағытында 9-сынып оқушысы Мұхтар Диас І орынға ие болды. жетекшісі А. Оспанбекова

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Ү«Абайтану» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде 9-сынып оқушысы  Ережеп Таңшолпан жүлделі І орынға лайық деп танылды. Жетекшісі: А. Анарбаева

Қ. Сәтбаев  атындағы  химия олимпиадасынан марапатқа ие болған 9 әсынып оқушысы  Қожабек Ғазиза  марапатталды. жетекшісі  Жумасаева Г

Ауданның 9-11 сынып оқушыларына арналған «Қанипа Бітібаева» олимпиадасына  9- сынып оқушысы Қожабек Ғазиза қатысып, жүлделі І орын, 10-сынып оқушысы Қожабек Назерке  ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: А. Анарбаева,

5-11 сыныптар арасында өткізілген «Менің алғашқы ұстазым» эссе жазу байқауында 8- сынып Нияз Қазына І орын – жетекшісі: А. Ажибаева 9- сынып оқушысы Сүндет Балайым ІІІ орын жетекшісі А. Анарбаева, 7-11 сынып оқушыларына арналған Абай-Шәкәрім оқуының «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы..» бағытында қатысқан 9-сынып оқушысы Жамал Аяна жүлделі І орынға, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда..» ақындық бағытында 9-сынып оқушысы Қожабек Назерке жүлделі І орын,  «Көңілім әнді ұғады» күй орындау бағытынан 9-сынып оқушысы Тәжі Ақниет ІІІ орын иеленді. жетекшісі: А. Анарбаева;

Аудандық 8-11 сынып оқушыларына арналған «Абай оқулары» байқауының «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Қожабек Назерке ІІ орын, «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Тілеубай Жанерке ІІ орын, «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» бағытында бағын сынаған  Жамал Аяна ІІІ орынға  иеленді. Дарынды оқушыларға жетекшілік еткен ұстаз А. Анарбаева

3-10 сыныптар арасында «Балалар әлемі» байқауына  белсене қатысқан         8- сынып оқушысы Тәжі Абылай ІІІ орынды иеленді-жетекшісі А. Ажибаева

Аудандық 8-11 сыныптар арасында өткізілген Ақберен байқауының «Ақындар мүшәйрасы» бағытына қатысқан 11- сынып оқушысы Еркінбай Бақдәулет ІІІ орын, «Эссе» бағытында 8-сынып оқушысы Құрбанбай Сезім

жүлделі І орынды иеленіп мектеп абыройын асқақтатып қайтты. Жетекшісі А. Ажибаева

Облыстық жетістіктер: 2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық кезеңіне белсене қатысқаны үшін 10-сынып оқушысы Қожабек Назерке Мақтау қағазымен марапатталды. 9-11 сынып оқушылары арасында  қазақ тілі мен әдебиетінен «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегері 9-сынып оқушысы Ережеп Таңшолпан Мақтау қағазымен марапатталды.

5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» Республикалық экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде «Үздік экологиялық бастама» бағытының жүлдегерлері атанған 7-сынып оқушысы Нұрқұл Жанерке, Мустафина Аяла І дәрежелі Дипломдармен марапатталды.

Республикалық  «IQanat»      ауыл балаларының дарынды оқушыларына  арналған  олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпазы болып отырған                   8 –сынып оқушысы Байзақ Ердос республикалық кезеңге жолдама алды.

 

Республикалық жетістіктер: «Дарын Республикалық Ғылыми орталығының» қашықтықтан ұйымдастырылған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары 2 А сынып оқушысы Есмаханбетов Дидар - ІІ,  Жұмабек Нұрбақыт- ІІ, Қожабек Ақайша – І дәрежелі Дипломмен марапатталды- жетекшісі: А.Жуманова. 5-сынып оқушысы Темірхан Тәңірберген, Елікпай Нұрасыл, Абдрахман Досым ІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды - жетекшісі: А. Дауленова. 6-сынып оқушылары Умирзақ Жансая ІІ дәрежелі Жанұзақ Мейірім ІІІ дәрежелі, Жанұзақ Нұрмұхаммед – ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды - жетекшісі: А.Белходжаева.

7-сынып оқушысы физика пәнінен Нұрқұл Жанерке ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды- жетекшісі: С. Базарбаева; 7-сынып оқушысы Темірбек Нұрдана, Мустфина Аяла, Қоныс Ақжүніс, Жұмабек Ақгүл, Умирзақ Жансая есімді оқушылар ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды-жетекшісі: Айдаралы Н,

   «Кенгуру –математика бағытындағы» интеллектуалдық ойын конкурсының жеңімпазы 2 «А»сынып оқушысы Қожабек Ақайша –ІІІ дәрежелі Диплом- жетекшісі: А. Жуманова;

«Мақатаев кз.» - Мұқағали әлемі білім порталы қашықтықтан ұйымдастырған «Мақатаев оқулары» конкурсына қатысып жүлделі І орын – Байжан Динар, Есмахамбетов Дидар- І орын, Жұмабек Нұрбақыт- І орын, Оразалы Нұрсая- І орын, Сапар Інжу - І орын, Қожабек Ақайша – І орынмен марапатталды.жетекшісі: А. Жуманова. 2 Ә сынып оқушылары Анарбай Ләйлә –Бас жүлде, Ускенбай Нурасыл -І орын, Нұрзат Аспандияр -І орын, Адилбек Еркежан –ІІ орынмен марапатталды - жетекшісі:  Н. Налибаева;         2 «Б» сынып оқушысы Байзақ Али – І орын  жетекшісі: Б  Ешева;

2 «В» сынып оқушылары Ж.Жақыпбек, С. Бақтияр, Н. Мелдебек – І дәрежелі Дипломмен марапатталды- жетекшісі: А. Татенова, 4 «А» сынып оқушысы Абдрасил Жәния, Есен Кәусар, Кеңесбек Адина, І дәрежелі Дипломмен марапатталды. 4 «Ә» сынып оқушысы Тұраш Жансезім І дәрежелі Дипломмен марапатталды жетекшісі: Елмуратова М.

«Тарих ата» республикалық қашықтықтан ұйымдастырылатын олимпиадасында  6-7 сынып оқушылары қатысып, жүлделі ІІ-ІІІ орынға ие болып отыр. Жетекші мұғалімдер А. Ағыбаева, А. Налибаева

Республикалық «Елбасы медальі» жобасына қатысқан 10-11 сынып оқушылары Досалы Оразалы -Күміс медаль, Қожабек Назерке –Күміс медаль, Шынарбек Динара – Қола  медаль иегері жоба қорғау арқылы жеңіп алып, мектептің абыройын асқақтатып отырған оқушыларымызбен педагогтеріміз 2022-2023 оқу жылында бейіні мен қабілеттеріне қарай жетістіктерге жете отырып аудан, облыс, Республика деңгейінде  мектеп қоржынын толтыруда үлкен үлестерін қосты.

 
 
 
Пожаловаться на сайт